2018 жылдан бастап Қазақстанда азаматтарды тұрғылықты және уақытша мекен-жайы бойынша тіркеу қызметінің тегін жүргізілуі жоспарлануда.
Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«ІІМ-де жаңа Салық Кодексі жобасына уақытша және тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелгені үшін мемлекеттік баж салығын төлетуге қатысты өзгерістер енгізілді. Қазір аталған қызметке азаматтар айлық есептік көрсеткіштің 10 пайызын (226,9 теңге) мемлекеттік баж салығы ретінде төлеп жүр», — деді ведомстводағылар.
Аталған өзгертулер Қазақстан Парламенті қабылдап, Президентке қол қою үшін жіберілген Салық Кодексіне енгізілді.