Қазақстандық Қанат Омар қытай жазуынан өткен жарыста жүлделі 3-орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық Қанат Омар қытай жазуынан өткен жарыста жүлделі 3-орын алды

Қазақстандық Қанат Омар қытай жазуынан өткен жарыста жүлделі 3-орын алды

Отандасымызды марапаттау рәсімі Бейжің қаласында өтті.

  • 26 Желтоқсан 2017
  • 137
Фото - Caravan.kz

Шанхай университетінің 1-ші курс магистрі Қанат Омар осында «әлеуметтану» бойынша білім алып жүр, деп хабарлайды 24.kz.

2011 жылдан бері Қытайда жүрген жерлесіміз каллиграфияны тез меңгерген. «Өйткені суретке жақын жандар үшін қытай жазуын үйрену қиын емес», – дейді. Иероглифтерді көркем жазу сайысы Еуразия елдерінің өкілдері арасында өткен. Оған Қазақстан, Ресей, Украина, Малайзия сияқты мемлекеттен 38 адам қатысты. Шара «Бір белдеу, бір жол» стратегиясын жүзеге асырып жатқан елдермен өзара мәдени-гуманитарлық байланысты арттыру мақсатында ұйымдастырылған.

Қанат Омар, Шанхай университетінің магистранты:


– Әл-Фарабидің бір сөзі бар ғой, «Бір тіл білсең, бір адамсың. Екі тіл білсең, екі адамсың», – дейді. Сол сияқты қытай тілін меңгеру арқылы Қытай елін, мәдениетін, жалпы бір үлкен әлемді білесің деп ойлаймын. Қытайдің бір иероглифінің өзі бір сурет мағынасына келеді. Мен осыған қызықтым. Әрқайсынының өз мағанасы бар. Әр саланы үйрену арқылы адам өзін-өзі таниды ғой негізі.