Асылбек Мусин 15 қабаттан құлаған - СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асылбек Мусин 15 қабаттан құлаған - СІМ

Асылбек Мусин 15 қабаттан құлаған - СІМ

Асылбек Мусин терезеден құлап кеткен.

  • 28 Желтоқсан 2017
  • 174
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстан азаматының Ригада көз жұму дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Өлім себебін анықтауға бағытталған тергеу басталған. Кеше марқұмның ағасы Ригаға келіп, консулмен бірге сот-медициналық сараптама орталығында болды. Ол жерде ағасы көз жұмған Асылбек Мусин екенін растады", — дейді СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов. 

Полицейлердің ақпараты бойынша, марқұм 15-қабаттан құлаған. Асылбек Мусин Қазақстан елшілігінің консулдық тіркеуінде болмаған. Кей мәліметтер бойынша, оның елде тұруына ықтияр хаты болған. 


"Оқиға 22-нен 23 желтоқсанға қараған түні болған. Іс 22 желтоқсан сағат 23:42-де полицияда тіркелді", — дейді ведомство өкілдері. 
 

Соңғы жаңалықтар