Еліміздің бірер аймағында көгілдір отын қымбаттайды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.63
  • 544.5
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің бірер аймағында көгілдір отын қымбаттайды

Еліміздің бірер аймағында көгілдір отын қымбаттайды

2018 жылы Қазақстанның батысы мен оңтүстігіндегі төрт облыста газ қымбаттайды.

  • 2 Қаңтар 2018
  • 185
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бəсекелестік пен тұтынушылар құқығын қорғау комитеті ҚазАқпарат агенттігінің сауалына жауап беру барысында хабарлапты.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарының тұтынушылары үшін тауарлық газ бағасын көтеру туралы хабарлама жіберді. Бағаны қымбаттатудың негізгі себебі — Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы қоғамдастықтың газ тарату жүйесі бойынша тауарлық газды тасымалдау қызметіне тарифтердің ҚР табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес бекітілген шекті деңгейінің өзгеруі болып отыр. Сондай-ақ шикізат пен материал құнының, өзге ұйым қызметтерінің қымбаттауы сынды тауарлық газды бөлшектеп сату бойынша қоғамдастық шығындары көбейіп кеткен», — делінген Комитет төрағасының орынбасары Асан Дарбаев қол қойған хатта.