Моңғолиялық қазақ суретшінің сызған суреті 5 млн төгрөгке сатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Моңғолиялық қазақ суретшінің сызған суреті 5 млн төгрөгке сатылды

Моңғолиялық қазақ суретшінің сызған суреті 5 млн төгрөгке сатылды

Суретші Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганың 90Х70 см көлемдегі бейнесін жасауға 1200 дана шеге, 750 метр жіп жұмсаған.

  • 3 Қаңтар 2018
  • 187
Фото - Caravan.kz

Баян-Өлгей аймағының жас суретшісі Қайрат Аятұлының сызған Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганың суреті жаңа жыл қарсаңындағы бәссаудада 5 млн төгрөгке (700 мың теңге) сатылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі жергілікті МОНЦАМЭ сайтына сілтеме жасап.

Соңғы кезде кескіндеме өнеріне жаңалық ретінде енген шеге мен тігін жібі арқылы сызылатын бұл жанрдың аты – стринг арт.

Моңғолия президентінен бөлек, «Абай», «Қазақ батыры», «Тұлпар» қатарлы стринг арт жанрымен салған суреттері арқылы танымал кескіндеме өнерінің шебері өз туындысы жайлы пікір білдірді.

«Стринг арт арқылы қырғызстандық суретші Азамат Жаналиев біздің елдің президентінің бейнесін салыпты дегенді естідім. Шетел азаматы жасаған дүниені мен неге жасай алмаймын деген ой келіп, президентіміз Халтмаагийн Баттулганы жасап шықтым. Бұл туындымды дүниеге әкелуіме 10 күн уақытым кетті», — дейді суретші.


Суретші Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганың 90Х70 см көлемдегі бейнесін жасауға 1200 дана шеге, 750 метр жіп жұмсаған.