Ақтөбеде «полицейлердің» тұрғындардан киви-әмиян арқылы ақша сұрау жайттары жиілеп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде «полицейлердің» тұрғындардан киви-әмиян арқылы ақша сұрау жайттары жиілеп кетті

Ақтөбеде «полицейлердің» тұрғындардан киви-әмиян арқылы ақша сұрау жайттары жиілеп кетті

Жақын туысы қамауға алынды деген желеумен ақша аударып жіберулерін талап еткен.

  • 4 Қаңтар 2018
  • 148
Фото - Caravan.kz

Өздерін тәртіп сақшыларымыз деп таныстырған бейтаныс адамдар бірнеше ақтөбелікті алдап соққан. Жақын туысы қамауға алынды деген желеумен киви-әмиян арқылы ақша аударып жіберулерін талап еткен, — деп жазады Аktobenews.kz.

Облыстық ішкі істер департаментінен хабарлағандай, ғаламтор беттерінде пәтер, көлік сатамыз деп алдын ала ақша сұрайтын алаяқтар да көбейген. Аванс соманы қолға түсірген олар жарнама сайттарындағы аккаунттарын өшіріп, аңғал клиентті тақырға отырғызып кетеді.

Тәртіп сақшылары Ақтөбе тұрғындарына танымайтын адамдардың ұсыныстарына алданып қалмау керектігін ескертеді. Сонымен бірге, банктік карта шоттарын да оңды-солды таратуға болмайтынын айтады.