Шариғат заңдарын ойыншық қылып, адасқан ерлер - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шариғат заңдарын ойыншық қылып, адасқан ерлер

Шариғат заңдарын ойыншық қылып, адасқан ерлер

Шариғат шарты бойынша неке қиған ерлі-зайыптылардың өмірі, дін жолын таңдап, түбі адасқан отағасының әрекеті көрсетілген.

  • 5 Қаңтар 2018
  • 373
Фото - Caravan.kz

ҚР азаматтық қоғам және дін істері жөніндегі министрліктің Фейсбуктегі парақшасы заңды некенің маңызы турасында әлеуметтік ролик жариялады, деп хабарлайдыQamshy.kz ақпарат агенттігі.

Онда шариғат шарты бойынша неке қиған ерлі-зайыптылардың өмірі, дін жолын таңдап, түбі адасқан отағасының әрекеті көрсетілген.

Қазақстандық жастар арасында шариғат дәстүрі бойынша қиылған некелер саны көбейіп келеді. Шариғаттың кейбір ережелерінің зайырлы ғұрыптардан түбегейлі айырмашылығы бар. Мысалы, тойға дейін кездесуге болмайды, ал үйленуге тек ата-аналардың немесе қамқоршылардың келісімімен ғана болады. Діни сауатсыздық пен моральдық-адамгершілік қағидалардың әлсіздігі салдарынан кейбір мұсылмандар шариғатты өзінің пайдасына қарай қолдана бастайды. Осылайша заңмен қорғалмаған осы сынды некелерде әйелдер өздерінің конституциялық құқықтарын қорғай алмай жатады.

«Қазіргі уақытта қоғамда шариғаттың шарттарын ойыншық қылып, жас қыздарды алдап, өз нәпсісінің қалауын орындау үшін білгенін істеп жүрген деструктивтік діни ағымдарға ерген азаматтар бар екені рас. Оны күнделікті оқып, естіп жүрміз. Жас қыздарымыздың осындай жігіттердің айтқанына жүріп, айдағанына көніп, ақыры ешкімге керек болмай далада қалуы ойланарлық жайт», — делінген видеороликтің хабарламасында.  


Заңды неке ғана құқығыңды қорғайды

Қазіргі уақытта қоғамда шариғаттың шарттарын ойыншық қылып, жас қыздарды алдап, өз нәпсісінің қалауын орындау үшін білгенін істеп жүрген деструктивтік діни ағымдарға ерген азаматтар бар екені рас. Оны күнделікті оқып, естіп жүрміз. Жас қыздарымыздың осындай жігіттердің айтқанына жүріп, айдағанына көніп, ақыры ешкімге керек болмай далада қалуы ойланарлық жайт.

Posted by Министерство по делам религий и гражданского общества РК on Thursday, January 4, 2018