Биыл елімізде арзан әуе рейстері шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл елімізде арзан әуе рейстері шығады

Биыл елімізде арзан әуе рейстері шығады

2018 жылы 12 бағыт бойынша әуе рейстері субсидияланады.

  • 5 Қаңтар 2018
  • 304
Фото - Caravan.kz

Халықтың астана мен өңірлер арасындағы әуе қатынасына, өңірлер арасындағы байланысқа, сондай-ақ, 2018 жылы туристік нысандардың қолжетімдігіне деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында мынадай бағыттар субсидияланатын болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1) Қарағанды – Қызылорда – Қарағанды, 18 000 тенге тарифімен кем дегенде аптасына 1 рет;

2) Өскемен – Қарағанды, 20 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 2 рет;

3) Көкшетау – Ақтау,

20 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 2 рет;

4) Алматы – Көкшетау,

18 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 2 рет;

5) Алматы – Петропавл, 20 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 2 рет;

6) Астана – Талдықорған; 24 500 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 7 рет;

7) Петропавл– Шымкент, 20 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 1 рет;


8/ Астана – Петропавл, 14 300 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 1 рет;

9) Астана – Үшарал (Алакөл көлі.) 20 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 2 рет;

10) Алматы – Балқаш, 14 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 1 рет (6 ай);

11) Астана – Үржар (Алакөл көлі.), 19 500 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 1 рет (6 ай);

12) Алматы – Үржар (Алакөл көлі.), 16 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 1 рет (6 ай).

Барлық тарифтер тек бір бағытқа ұшу үшін көрсетілген. Рейстерді субсидиялау бағдарламасы 2002 жылдан бері жұмыс істеп келеді және осы кезеңдерде 10-нан астам әуе бағыты коммерциялық негізге көшірілді. Қазіргі уақытта бағдарламаның негізгі басымдықтарының бірі Қазақстандағы туристік бағыттарды дамыту.