Денсаулық сақтау министрлігі осы маусымда тұмаудан қанша адам өлгенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денсаулық сақтау министрлігі осы маусымда тұмаудан қанша адам өлгенін айтты

Денсаулық сақтау министрлігі осы маусымда тұмаудан қанша адам өлгенін айтты

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері осы күзгі-қысқы маусымда тұмаудан қанша адам өлгенін жария етті

  • 9 Қаңтар 2018
  • 136
Фото - Caravan.kz

2017 жылдың қазанынан бері елімізде ЖРВИ-ден бес адам көз жұмды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik.

Оның мәліметінше, әлемде тұмаудан 500 мыңға тарта адам өлген. Қазақстанда 2012-2013 жылдары тұмаудың өзінен 69 адам, өткен жылы тоғыз адам көз жұмған. 2017 жылдың қазанынан бастап ЖРВИ бес адамның өмірін қиған.  

Бас санитарлық дәрігер ата-аналарға өзін-өзі емдеу қауіпті екенін ескертіп, эпидемиялық маусым кезінде жаппай іс-шараларға қатысудан бас тартуға, сырқат балаларды балабақша мен мектепке жібермеуге шақырды.   


Сонымен қатар Бекшин ақпанда тұмауға шалдығатындар саны күрт өсетінін хабарлады.