БАӘ-нен 30 млн теңге көлемінде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы экстрадицияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БАӘ-нен 30 млн теңге көлемінде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы экстрадицияланды

БАӘ-нен 30 млн теңге көлемінде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы экстрадицияланды

Қазіргі уақытта Р.Найзабай Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

  • 10 Қаңтар 2018
  • 137
Фото - Caravan.kz


Қазақстан Бас прокуратурасының сұранысы бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінің Әділет министрлігімен аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін күдікті қазақстандықты ұстап беру туралы шешім қабылданды, — деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Р. Найзабай Қазақстан Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол күштері және БАӘ-дегі Қазақстан Бас консулдығының көмегімен елге жеткізілді.

"Ол өткен жылғы жазда 7 автокөлік иелерін алдап, көліктерін заңсыз иеленгені үшін күдікті болып табылады. Кейіннен автокөліктерді жалған құжатпен сатып жіберген. Келтірілген шығынның жалпы соммасы 30 млн теңге. Қылмыс жасағаннан кейін, күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынуына байланысты халықаралық іздеуге жарияланды. Қазіргі уақытта Р. Найзабай Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды", — деп хабарлады Бас прокуратура.