Баянның жаңа қайын атасы келінін аузының суы құрып мақтады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баянның жаңа қайын атасы келінін аузының суы құрып мақтады

Баянның жаңа қайын атасы келінін аузының суы құрып мақтады

Белгілі композитор, дирижер Тұрым Алагөзов келіні Баян Алагөзованы сынайтындарға қатысты жауап берді. Қайын атасы Баянды қызымдай көремін деп, оның жақсы қасиеттерін тізді.

  • 10 Қаңтар 2018
  • 205
Фото - Caravan.kz

Келінінің адамдық қасиеттерін айта келе, үлкен Алагөзов Бақытбек Есентаевтың сотын еске алды.

«Баянның үйдегі бар болмысы осындай. Өзінің табиғи болмысы қандай, өзін солай ұстайды. Оның "шығармашылық өмірін бағалайтын" жандардың не жазатынын білемін. Оның сырт бейнесі өзгерген жоқ, өмірге деген көзқарасы өзгерді. Ол сот залында судьядан жалынып тұрып, күйеуін қамамауын өтінген болатын. Мүмкін қыздарын ойлаған болар. Тіпті, оның бұл өтінішін балалары да мақұлдамады. Бәрін заң жүзінде шешті. Мен — Тұрым Алагөзов оларды осы қасиеті үшін де ерекше құрметтеймін. Сондықтан, Баянды кінәламаңыздар. Тіпті, Бақытбектің өзі сот залында көз жасына ерік берген болатын», – деп жазды Баянның қайын атасы.

Еске салайық, Баянның бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев әйелін өлтіруге оқталғаны үшін 9 жылға сотталған болатын. Ол Баянды көліктің ішіне кіргізіп алып, бірнеше рет пышақтап, соққы астына алған. Сотта Есентаев өзінің бұл әрекетке қызғаныштан барғанын айтты. Өйткені, Баян Турсен Аалагөзовпен сол кезде-ақ көңіл жарастырып, күйеуінің көзіне шөп салған. Мұны кейін продюсердің өзі де мойындады.

 


 

A post shared by Turum Alaguzov (@turumalaguzov) on