Ол неліктен Қазақстан құрамасымен алдын ала келісімшартын бұзғанын да жасырмады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
Бұл лауазымға Гаттузо 2016 жылдың басынан бастап үміткер болып келді. Ол кезде құраманы басқарушының міндетін Тайлат Байсуфинов атқарды. Кейін маусымда ол да толық келісімшартқа отырды.
Гаттузоның айтуынша, ол Қазақстан құрамасын басқаруға сәл-ақ қалған. Ол бапкерліктен әйелі қарсы болған соң бас тартыпты.
«2016 жылы Қазақстан құрамасымен алдын ала келісімшартқа қол қойдым. Гректің ОФИ-і және швейцариялық «Сьон»-мен жұмыс жасап жатқанымда отбасым өзін жайсыз сезінді. Сондықтан Астанаға Моникамен бардым. Оған ол жақтың суық климаты ұнамады. Содан кейін жұмыстан бас тарту керек деп шештім», — деді жаттықтырушы.
40 жастағы Гаттузо «Милан» мен Италия құрамасына ойнаған футболшы ретінде танымал.