Бұл туралы tengrinews Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Егер "Канело" — GGG жекпе-жегі мамырда өтпей қалатын болса, демек біреудің әділетті соманы алмағандығын білдіреді. Айтқанымнан кейін, қалай ойлайсыздар: бірінші жепке-жектің қорытындысын есепке ала отырып, гонорар теңдей екіге бөлінуі тиіс пе — 50 де 50?", — деп жазды Фелпс твиттерде.
Оқырмандардың 73 пайызы келісетіндерін жазды, ал қалған 27 пайызы ақша балансы тең болмауы керек деп есептейді. Дауыс беруге үш мыңнан аса адам қатысқан.
Айта кетейік, Головкин — Альварес реваншы биыл 5 мамырда өтуі мүмкін.