​Шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққан «Қоңыр» тобының әншісі ажырасып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
​Шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққан «Қоңыр» тобының әншісі ажырасып кетті

​Шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққан «Қоңыр» тобының әншісі ажырасып кетті

«Қоңыр» тобының қызғалдағы болған Жазира Қошанова 2016 жылдың желтоқсанында тұрмыс құрып, топ құрамынан шыққан болатын. Малайзия азаматының етегінен ұстаған әнші бір жыл өтер-өтпесте ажырасып кеткен.

  • 15 Қаңтар 2018
  • 286
Фото - Caravan.kz


 Бұл туралы әншінің өзі «Айта берсін» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Reactor.

«Жеке отбасы мәселесімен кеттім. Оның енді жасыратын түгі жоқ. Жасым он сегіздегі қыз емеспін. Жасым біразға келді. Мен де әйел бақытын іздеп шет елге кеттім. Бірақ өкінішке қарай сәтсіз аяқталды. Дегенмен өкінбеймін. Бардым, көрдім, білдім.
 
«Қоңыр» тобының мүшелерімен, продюсермен ағалы-қарындас болып, дос болып әлі де сыйласып араласамыз. Сәлеміміз түзу. «Қоңыр» тобынан отбасылық жағдайыма байланысты шыққан болатынмын. Қалауымды жасадым. Бірақ енді, жігітім деп айтайын, ол кісі ауызбен тау қопарып, ісімен керісінше жүретін адам екен. Аспандағы айды алып беремін деген жігіттердің бірі ғой. Еркін қатынасқа үйреніп қалған кісі екен. Қазақ отбасында тәрбиеленгендіктен ондай дүние маған жат. Біраз дүниелерге келіспедік. Көзқарасымыз сай келмеді. Ол кісі мені түсінбеді, мен ол кісіні түсінбедім»-дейді өзі.