Алдымен, директор ұстаздардың мәртебесін көтеру мақсатында үнемі жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Білім және ғылым министрлігі мұғалім мамандығының беделін көтеру бағытында үнемі жұмыс жүргізетінін білесіздер. Сондықтан елордалық мұғалім мәртебесін енгізу мәселесін біз енді қарастырамыз. Алайда бұл мәселе әзірге қаралған жоқ. Бұл бізге қаншалықты қажет? Алдымен, осыны еліміздің барлық педагогымен талқылап, анықтап алуымыз керек. Ал бұл жұмыс әлі жүргізілген жоқ. Сондықтан бір нәрсе айту ерте», — дейді Шолпан Каринова.
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова аталған мәселені қалай шешуге болатынын айтты.
«Бізде еңбекақыны төлеудің бірыңғай жүйесі енгізілген. Ол барлық қызметкерге ортақ және өңірлік ерекшеліктерді ескермейді. Жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасы аталған мәселені шешуі мүмкін. Себебі, Астанадағы мектептер оқушыларға лық толы. Оны сіздер білесіздер. Біздің пікірімізше, осы жүйе бірқатар мәселені, оның ішінде мұғалімдерді ынталандыру мәселесін де шешеді. Біз Астананы кездейсоқ таңдап отырған жоқпыз. Яғни мектептерде тиісті қаржыландыру енгізіледі. Ал онда сыныптағы оқушылар саны мен мұғалімнің жүктемесін ескере отырып шаралары қарастырылған», — деп түйіндеді сөзін вице-министр.