Астаналық дәріханада рұқсаты жоқ дәрі сатылған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық дәріханада рұқсаты жоқ дәрі сатылған

Астаналық дәріханада рұқсаты жоқ дәрі сатылған

ҚР территориясында тіркелмеген «Дюфастон» дәрілік заты сатылып жатқаны анықталды.

  • 15 Қаңтар 2018
  • 130
Фото - Caravan.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медицина және фармацевтикалық қызмет комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне елордалық дәріханалардың біріне тексеру жүргізу туралы өтініш келіп түсті. Тексеру кезінде Қазақстан Республикасының территориясында тіркелмеген «Дюфастон» дәрілік заты сатылып жатқаны анықталды, деп хабарлайды Вaq.kz Астана қалалық сотына сілтеме жасап.

Сот отырысында жеке кәсіпкер К. әкімшілік құқықбұзушылық жасағанын толық мойындады.

Астана қаласы ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысы бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 426-бабы 2-бөлігіне сәйкес, жеке кәсіпкер К. кінәлі деп танылды. Ол 100 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл төлейді. Сондай-ақ, оған 1 ай қызмет көрсетуге тыйым салынды. «Дюфастон» дәрілік препараты толық тәркіленіп, одан әрі жоюға жіберілді.


Сот қаулысы күшіне енді.