Тұрсынғали Алагөзовтің бұрынғы фирмасы көлік үшін оның туған інісімен соттасып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрсынғали Алагөзовтің бұрынғы фирмасы көлік үшін оның туған інісімен соттасып жатыр

Тұрсынғали Алагөзовтің бұрынғы фирмасы көлік үшін оның туған інісімен соттасып жатыр

Алматы қаласының Бостандық аудандық соты «GALANZ bottlers» АҚ-ның шағымын қанағаттандырды.

  • 16 Қаңтар 2018
  • 1359
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін Тұрсынғали Алагөзовке қатысты қозғалған екі бірдей қылмыстық іс жайлы хабарлаған болатынбыз. Алагөзовке ресми құжаттарды қолдан жасап дайындады және таратты деген айып тағылған болатын. Әйтседе Баян Мақсатқызының жаңадан үйленген күйеуінен бөлек оның інісі де келеңсіздікке тап болып отыр.

Caravan.kz медиа-порталына Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының шешімі белгілі болды. Онда сотта қаралған іс бұрын Тұрсынғали Тұрымұлына тиесілі болған «GALANZ bottlers» компаниясының пайдасына шешіліп, Асқар Алагөзовтен автокөлікті өндіріп алу туралы шешім шығарылғаны жөнінде жазылған.

Сот «GALANZ bottlers» АҚ-ның талап-арызын қанағаттандырды.


2012 жылы шығарылған сұр түсті, шанағының нөмірі KMHSU81CDDU031185, тіркеу нөмірі 060 АО02, «Hyundai Santa Fe» көлігі оны заңсыз иеленген Асқар Алагөзов Тұрымұлынан алынсын.

Алагөзов Асқар Тұрымұлынан «GALANZ bottlers» АҚ-ның пайдасына мемлекеттік баж салығы ретінде 204 000 (екі жүз төрт мың) теңге өндіріліп алынсын.

Айта кету керек, сот үкімі оқылған кезде Асқар Алагөзов сот залына келген жоқ.