Шымкентте екі жасар бүлдіршін газдан уланып қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте екі жасар бүлдіршін газдан уланып қайтыс болды

Шымкентте екі жасар бүлдіршін газдан уланып қайтыс болды

Қазіргі таңда мамандар қайғылы оқиғаның себеп салдарын анықтауда.

  • 16 Қаңтар 2018
  • 139
Фото - Caravan.kz

Шымкентте екі жасар бүлдіршін газдан уланып қайтыс болды. Тағы екі бала ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық газ шаруашылығы мамандарының мәліметінше, қайғылы жағдай шаһардың іргесіндегі Сайрам тұрғын алабында болған. Алдын ала болжамдар бойынша үшеуі де газдың иісінен уланған.

«Таңғы сағат 6:23-те Төтенше жағдайлар қызметінің кезекші бөліміне Атай көшесі, 64 үйде 2015 жылы туған бүлдіршіннің газдан уланып көз жұмғаны туралы хабар түскен. Тағы 2009 және 2013 жылы туған балалар ауыр халде, олар да уланып қалған» делінген газ шаруашылығы қызметі таратқан ресми хабарламада.

Қазіргі таңда мамандар қайғылы оқиғаның себеп салдарын анықтауда.


Әзірге белгілісі Сайрам тұрғын алабына «Женис-Т» ЖШС-і қызмет көрсетеді.