«Бұл – ұят жағдай. Өйткені қазан айында біз жариялаған «Страна восходящего секса» атты материалдан кейін әлгі сайттағы жезөкшелердің саны тағы бес мыңға артқан. Сөйтіп осы көрсеткіш бай айналдыратын әрі жүрек айнытатын 65 мыңға жетті» деп жазады «КАРАВАН» газетінің тілшісі.
Журналист осы мәселе бойынша төрт бірдей министрлікке сауал жолдаған. Денсаулық сақтау министрлігіндегілер «ғаламторды қадағалау біздің жұмысымыз емес» десе, қаржы министрлігіндегілер «интернет-ресурс иелері туралы мәлімет қолымызда жоқ» депті. Ал ішкі істер министрлігінен мүлдем жауап келмеген. Тек ақпарат және коммуникация министрлігі бұл мәселені шешумен айналысып жатқандарын айтыпты.
«Қазақстан үкіметінің төрт мүшесіне атын атап, түсін түстеп тұрып жіберген сайттардың бәрі әлі күнге дейін клиенттерін аналдық секспен, мүшеқапсыз минетпен және басқа да «тапқырлықтарымен» қызықтыруда. Онда ашық порнографиялық суреттер жүр. Ал сайттардың иелері ғаламтордағы жеңгетайлығы үшін миллиондаған табыс тауып отыр» деп ашына жазады аталған газет тілшісі.