Алматы облысында мұғалімді оқушының ата-анасы ұрып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында мұғалімді оқушының ата-анасы ұрып кетті

Алматы облысында мұғалімді оқушының ата-анасы ұрып кетті

Алматы облысында мұғалімді ата-ана кабинетіне іздеп келіп, соққыға жықты.

  • 18 Қаңтар 2018
  • 233
Фото - Caravan.kz

Оқиға Іле ауданының Боралдай ауылындағы Кенен Әзірбаев атындағы орта мектепте болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Істің насырға шабуына оқушы себеп болған. 6-шы сыныптың баласы үйіне мұғалім ұрды деп шағымданып барған. Ал мәселенің ақ-қарасын анықтамаған жеткіншектің анасы мен әпкесі мектепке келіп, мұғалімді соққыға жыққан. Қазір таяқ жеген ұстаз Боралдайдағы ауруханада жатыр.

Дәрігердің айтуынша, жәбірленуші маман бас ми жарақатын алған. Тіпті белгісіз біреулердің әріптесін ұрып жатқанын көріп, көмекке келген екінші мұғалім де таяқ жеген. Ол қолын жарақаттап алған. Ал баланың ата-анасы түсінік беруден бас тартты. Ұстаздың әріптестері болса тәжірибелі маманның ерсі мінез көрсетуі мүмкін емес дейді.

«Дөрекі сөйлеу, қол көтеру мүмкін емес. Ол кісінің табиғатында ондай жағымсыз қылық жоқ. Ол мұғалімнің қолынан ондай нәрсе келмейді», дейді №15 К.Әзірбаев атындағы орта мектеп директорының орынбасары Арман Сүлейменова.