Атырауда 700 оқушы 300 орындық мектепте оқып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда 700 оқушы 300 орындық мектепте оқып жатыр

Атырауда 700 оқушы 300 орындық мектепте оқып жатыр

Атырауда 300 орындық мектепте 700-ден астам бала білім алып жатыр. Оқу басталған күннен бастап, Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектеп апатты деп танылғандықтан оқушылар №18 мектепке көшірілген. Ал үш ауысыммен білім алып жатқан оқушылар сынып бөлмелері жетіспегендіктен дәлізде оқуға мәжбүр.

  • 18 Қаңтар 2018
  • 135
Фото - Caravan.kz

Атыраулық ата-аналар балаларының болашағына алаңдаулы, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

31-арнаның ақпаратына сүйенсек, Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп төрт айдан бері бос тұр. Тоқсан жыл бұрын салынған білім ордасы уақытша жабылып, онда оқыған 470 бала басқа мектепке түгелдей ауысты дейді ата-аналар. Сорақысы, бес айдан бері балаларымыздың көбі үшінші ауысымда оқып жүр деп наразы.

"Қаншама қиыншылық туғызды. Әлі мектепте ештеңе жылжып жатқан жоқ. Ешқандай стройка, ремонт жүріп жатқан жоқ, солай тұр. Босқа сонда төрт ай әуреленіп жүрміз ғой, неге оқи бермейді мына жерде" — дейді Әмірбек Минаш есімді ата-ана.

"Бұзамыз да школ саламыз" деген әуелде. Школ да жоқ, дым да жоқ жүр. Ал школды неге салмайды. Мынаның арты бос. Әуелі сол араға школды салып алсын, балалар мында оқи берсін" — дейді Ғалымжан Напихов атты тағы бір ата-ана.

№18 мектепке ауыстырылған оқушылар қазіргі уақытта мектеп ішінен бөлінген арнайы бөлмелерде білім алып жатыр. Ата-аналарының айтуынша мектеп бөлмелері балаларының білім алуына тарлық етеді екен. Ал мектеп басшысы №1 мектептің апатты деп танылғандығы туралы құжатты қолына қыркүйек айында алыпты.


"Апатты жағдайда болуына себепті, қазіргі таңда біз №18 мектеп Крупская атындағы орта мектепте оқып жатырмыз. Барлық сабақ үлгісі стандартқа сай жүріп жатыр. Ешқандай кедергі болып жатқан жоқ" — дейді М. Жұмабаев атындағы мектеп директоры Гүлжан Қожахметова.

Ал жергілікті биліктегілер болса, республикалық бюджеттен қаржы қаралса, мектеп түгел сүріліп, жаңа мектеп бой көтереді деп отыр. Сондықтан Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп оқушылары №18 мектепте сынып бөлмелері жетіспегендіктен дәлізден бөлінген бөлмеде білім ала тұрмақ.