Өртенген автобус тұрақты бағытта қызмет көрсетпеген - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Өртенген автобус тұрақты бағытта қызмет көрсетпеген

Өртенген автобус тұрақты бағытта қызмет көрсетпеген

Ақтөбе облысында өртеніп кеткен автобус Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген, бірақ ауданаралық және облысаралық бағыттарда тұрақты қызмет көрсетпеген. Бұл туралы Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық көлік басқармасының бөлім басшысы Асан Жұмабаев мәлім етті.

  • 18 Қаңтар 2018
  • 386
Фото - Caravan.kz

— Кез келген тасымал екі түрге бөлінеді. Бірі – тұрақты, екіншісі – тұрақсыз. Өртенген автобус тұрақты бағыттарда жұмыс істемейді, — деді бөлім басшысы.

18 қаңтар күні таңертең Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы өртеніп, 52 адам қаза тапқан. Қайғылы оқиға бейсенбі күні сағат 10:30-да Самара – Шымкент жолында, Ырғыз ауданының Қалыбай ауылынан 10 километр қашықтықта болған. «Икарус» маркалы автобустан бес адам ғана өз бетінше шығып үлгеріп, аман қалған. Төтенше жағдайлар комитеті құрбандардың қай ел азаматы екенін анықтап жатқанын айтады. Оқиға болған жер облыс орталығы Ақтөбеден 320 километр қашық.

Ал Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің Қазақстан төтенше жағдайлар комитетінен түскен ақпаратқа сілтеме жасап хабарлауынша, алдын ала мәлімет бойынша 55 жолаушы — Өзбекстан азаматы, екі жүргізуші — Қазақстан азаматы.


Оқиға орнында құтқарушылар, полиция, жергілікті билік органдарының өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Перейти к новостям спорта