ОҚО-да журналист әйел ер адамды мас қылып, шешіндіріп тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да журналист әйел ер адамды мас қылып, шешіндіріп тастаған

ОҚО-да журналист әйел ер адамды мас қылып, шешіндіріп тастаған

 

  • 22 Қаңтар 2018
  • 5278
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында тағы бір журналист қамауға алынды деп жазады Today.kz. Жекеменшік газетті басқарған Анаргүл Сүлееваға ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша айып тағылып отыр.

Ақпараттық порталдың хабарлауынша, журналист аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталуда. Олардың қатарында порнографиялық материал таратты деген бап та бар.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Анаргүл Сүлеева мен оның үш танысы Тасқараев деген ер адамды спирттік ішімдікке мас қылып, жалдамалы пәтерде мәжбүрлеп қамап ұстаған. Кейін оны шешіндіріп, жалаңаш күйінде фотоға түсіріпті. Бұл фотоматериалдарды күдіктілер интернетке жүктемек болған. Істерін тындырып болғаннан кейін олар жәбірленушіні жалңаш күйінде үйінің ауласына апарып тастап, бұл сәтті де бейнекамераға түсіріп алыпты.