Ақтөбедегі трагедиядан кейін Қазақстандағы барлық рейстік автобус тексеріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбедегі трагедиядан кейін Қазақстандағы барлық рейстік автобус тексеріледі

Ақтөбедегі трагедиядан кейін Қазақстандағы барлық рейстік автобус тексеріледі

Ақтөбе облысында 52 адам қаза тапқаннан кейін еліміздің аумағындағы жолаушылар рейстік автобустары тексеріледі

  • 22 Қаңтар 2018
  • 161
Фото - Caravan.kz

18 қаңтар күні болған Ақтөбе облысындағы апатқа байланысты ҚР ИДМ Көлік комитетінің инспекция қызметкерлері мен ҚР ІІМ қызметкерлері бірлесіп бүкіл Қазақстан бойынша "Автобус" жедел-профилактикалық шарасын өткізеді, деп хабарлады Sputnik ҚР инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"22 қаңтар мен 18 ақпан аралығында өтетін жедел-профилактикалық шара аясында ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды тасымалдайтын көліктер мен жүргізушілер тексерілетін болады", — деп жазылған хабарламада. 

Жолаушыларды тасымалдайтын автобустардың және таксилердің техникалық ақауы болса және қауіпсіздік талаптары сақталмаған жағдайда, көлікті одан әрі пайдалануға тыйым  салатын шаралар қабылданады.

Бұдан бөлек, жасырын маршруттарды анықтау үшін көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері мен қоғам өкілдерінен тұратын мобильдік топтар құру туралы шешім қабылданды.


Рейс алдында автомобильдің міндетті техникалық және жүргізушінің медициналық байқаудан өтуіне, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауларына баса назар аударылады.

Республикамыздың автомобиль жолдарындағы жолаушылар мен багаж тасымалдау мәселелері бойынша «Рубеж» қарау-бақылау бекеттерінде бақылауды күшейту жөнінде қосымша шаралар қабылданады.

Еске сала кетейік, 18 қаңтар күні сағат 10.30 кезінде Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Қалыбай ауылынан он шақырым жерде жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Автобуста 57 адам болған. Оқиға орнында 52 адам –  Өзбекстан азаматтары қаза тапты. 

# рейстік автобус #Ақтөбе #тексеріледі