Бірден екі әлем чемпионы "Канелоны" жекпе-жекке шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірден екі әлем чемпионы "Канелоны" жекпе-жекке шақырды

Бірден екі әлем чемпионы "Канелоны" жекпе-жекке шақырды

Эррол Спенс пен Джермелл Чарло мексикалық боксшымен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді

  • 22 Қаңтар 2018
  • 166
Фото - Caravan.kz

Танымал боксшылар мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасу үшін кезекке тұра бастады, деп хабарлады Sports.kz.

Жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы кіші Эррол Спенс (23-0, 20 КО) пен бірінші орта салмақтағы титулдың иегері Джермелл Чарло (30-0, 15 КО) "Канеломен" жұдырықтасуға ниет білдірді.   

Спенс таяуда 160 фунтке көтерілетінін мәлімдесе, Чарло керісінше мексикалыққа 154 фунтке қайта оралуды ұсынды.  

"Канело" 5 мамырда қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) реванш өткізеді деп жоспарланып отыр. Олардың алғашқы жекпе-жегі тең аяқталды.    


#әлем чемпионы #канело альварес #шақырды
Соңғы жаңалықтар