Көкшетауда ұры сатушыға пышақ сұғып, кассадан 180 мың теңгені алып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда ұры сатушыға пышақ сұғып, кассадан 180 мың теңгені алып кеткен

Көкшетауда ұры сатушыға пышақ сұғып, кассадан 180 мың теңгені алып кеткен

Көкшетауда 34 жастағы азамат дүкеннен ақша ұрламақ болып, сатушыны жаралады.

  • 23 Қаңтар 2018
  • 170
Фото - Caravan.kz

Көкшетауда ұры сатушыға пышақ сұғып алды. Оқиға Көкшетаудағы Әуелбеков көшесінде орналасқан дүкендердің бірінде болған, деп хабарлайды Today.kz "Көкшетау Азия" сайтына сілтеме жасай отырып. 

Жігіт дүкенге кіріп, жас шамасы елулердегі сатушы әйелге қысым көрсеткен. Сатушының иық тұсына пышақ сұғып, кассадан 180 мың теңгені ұрлап әкеткен. Сатушы бірден полицияға хабарласқан. 

Ұры бір тәуліктің ішінде табылды. Ол 1984 жылы туылған,  бұрын екі рет сотталған жергілікті тұрғын болып шықты. Қазір азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. 


Жапа шеккен сатушы Ақмола облыстық ауруханасында жатыр.