Бүгін антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады, тек батыста аздаған жауын-шашын түсуі мүмкін. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман басады, жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Маңғыстау, Павлодар, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
24-29 қаңтар аралығында Алматы, Жамбыл облыстарында, 26-29 қаңтар аралығында Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында түнде 15-20, кей жерлерде 25-30 градус аяз болады, кей жерлерде ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр.