Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
«Рёнхап» агенттігінің мәліметінше, қайғылы оқиға жұма күні Мильян қаласындағы король Седжон атындағы ауруханада болған. Төтенше жағдай кезінде ауруханада шамамен 100 шықты емделуші болып, зардап шеккен 40 шақты адамға медициналық көмек көрсетілген.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, өрт аурухананың бас ғимаратының бірінші қабатындағы шұғыл көмек беру бөлімшесінен шыққан.
Оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде. Өрт 1 сағат 40 минутта сөндірілген көрінеді.