Астана көпіріндегі жол апатында жас жігіт көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана көпіріндегі жол апатында жас жігіт көз жұмды

Астана көпіріндегі жол апатында жас жігіт көз жұмды

Астана қаласы Сарайшық көшесіндегі көпірде жол-көлік оқиғасы болды. Көліктердің соқтығысуы салдарынан жас жігіт қайтыс болып, әйел жүргізуші мен мен алты жасар бала ауруханаға жеткізілді.

  • 26 Қаңтар 2018
  • 162
Фото - Caravan.kz

Полицияның мәліметінше, жол-көлік апаты 25 қаңтар күні сағат 21:30 шамасында болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарайшық көшесіндегі М-1 көпірімен келе жатқан «ВАЗ-21140» автокөлігі мұзда тайғанап, қарсы бағыттағы жолға шығып кетеді. Салдарынан Toyota Camry маркалы автокөлікпен соқтығысады.

«Жол-көлік апаты салдарынан 23 жастағы жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды. Toyota көлігінің 31 жастағы жүргізушісі мен оның 6 жастағы жолаушысы дене жарақатын алғандықтан ауруханаға жеткізілді», — делінген ІІД баспасөз хабарламасында.


Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қажетті экспертизалар тағайындалды.