Қаңтарда Бішкекте он бес адам үсіп өлді, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Қырғызстанның құқық қорғау органдары мәліметінше, қаза тапқандардың бәрі үйсіз-күйсіз жандар болған.
Қала іші түгел тексеріліп, үйсіз жандар әлеуметтік баспаналарға орналастырылатын болады. Осы айда 239 адам паналаған.
Қазір Қырғызстанда да қатты аяз қаһарына мінді.