Астанада дүйсенбі күні таңертең қызды көлік қағып өлтіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik.
Елордалық ішкі істер департаменті хабарлағандай, жол апаты таңғы 08.40 кезінде "Авиатор" аялдамасы қасында болған.
"Hyundai Accent жүргізушісі Қабанбай батыр көшесімен әуежай жақтан келе жатып, бағдаршамсыз жаяу жүргіншілер өткелінде қызды қағып кетті, қыз жолды тиісті жерден кесіп өтіп бара жатқан болатын. Зардап шегуші алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды", — деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.
Жол апатына Астана тұрғыны куә болып, әлеуметтік желіде жариялаған.
"Бүгін қорқынышты жайттың куәгері болдым: жаяу жүргіншілер өткелінде бір қызды көлік қағып кетті. Қабанбай батыр көшесінде әуежайдан қалаға қарай кетіп бара жатқанда болды. Ақ Hyundai көлігінің жүргізушісі қатты жылдамдықпен келе жатты, соғылған кезде екі рет айналып, бір-ақ тоқтады. Өте қорқынышты. Осы жаяу жүргіншілер өткелінде ("Авиатор" аялдамасы) адамдарды жиі қағып кетеді. Жүргізушілер, жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда жылдамдықты азайтыңыздар. Бұл қыздың қазасы – оның туған-туыстарының қайғысы емес пе әрі жаяу жүргіншіні өткізбеген жүргізушінің де қайғысы", — деп жазды Людмила Сакенова Facebook желісіндегі топта.