Шымкентте балалар өлген адамның денесін тауып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте балалар өлген адамның денесін тауып алды

Шымкентте балалар өлген адамның денесін тауып алды

Гараждардың арасындағы құмға көмілген мәйіт бір айдан астам жатқан.

  • 30 Қаңтар 2018
  • 163
Фото - Caravan.kz

28 қаңтарда Шымкенттің №18 шағын ауданында тұратын балалар гараждардың қасынан өлген адамның денесін тауып алды. Балалар жағдайды үлкендерге айтады, ал олар полицияға хабар береді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі tvk-uko.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Өлген адамның кім екені бірден анықталды. Ол – 1974 жылы дүниеге келген және бұрын сотталған азамат.

Еңбекші ауданының ІІБ қызметкерлері кісі өлтірген күдіктіні де тапты. Ол Қайнарбұлақ саяжайында тығылып жатады.

Ұсталған күдікті 1990 жылы дүниеге келген. 21 желтоқсанда №18 шағын ауданда тұратын «сүйіктісінің» үйінде қайтыс болған адаммен бірге спиртті ішімдік ішеді. Олардың отырысы төбелеске айналады да, ол оны өлтіреді. Кейін түнгі сағат 3-те оның денесін далаға шығарып, гараждардың қасындағы құмға көміп тастайды. Қазір тергеушілер істің мән-жайын анықтап жатыр.