Үндістанда мұсылман әйелдерге футбол көруге тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістанда мұсылман әйелдерге футбол көруге тыйым салынды

Үндістанда мұсылман әйелдерге футбол көруге тыйым салынды

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында мұсылман әйелдерге ерлер футболын қарауға тыйым салынды

  • 31 Қаңтар 2018
  • 179
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ruсайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ірі діни және академиялық Дар уль-Улюм Деобанда атты орталықта қызмет ететін мүфтилердің бірі Атар Касми әйел қауымына ерлер футболын қарауға тыйым салынғанын айтты. Бұған басты себеп – футболшы азаматтардың матч барысында жартылай жалаңаш жүрулері. Мүфтидің айтуынша, бұл ислам дінінде белгіленген постулаттарға қарсы. Мұнымен қатар, ол әйелдеріне футбол қарауға рұқсат беретін ер азаматтарды сынады.

«Сіздерде ар-ұят жоқ па? Ең болмаса, құдайдан қорықсаңыздар қайтеді? Әйелдерге футбол матчтарын көрудің не қажеті бар? Ер адамдардың санына қарағаннан не пайда? Олар есеп нәтижесін де бақыламай, ерлердің санына қарап отыратын болады», — дейді Касми мырза.

Мұсылман әйелдердің құқығын қорғайтын белсенділер бұл сыни пікірге наразылықтарын білдірді.


«Сонда әйел қауымы теннисті де, жүзу чемпионатын да көре алмай ма? Олардың ерлер спортын қарағанында адамгершілікке жат не бар?» — дейді олар.

Мұнымен қатар, басылым аталған елде әйел қауымына сұлулық салондарына барып, тырысып тұратын киім киюге тыйым салынғанын хабарлады.