Қостанайда лимузин жүргізушісі зейнеткерді қағып, мерт қылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда лимузин жүргізушісі зейнеткерді қағып, мерт қылды

Қостанайда лимузин жүргізушісі зейнеткерді қағып, мерт қылды

Қостанай қалалық соты зейнеткерді қаққан «Лимузин» көлігінің жүргізушісіне қатысты қылмыстық істі қарады.

  • 31 Қаңтар 2018
  • 161
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға 2017 жылдың 17 шілдесі күні болған. Карбышев көшесіндегі автотұрақтардың бірінде 37 жастағы «Лимузин» жүргізушісі Михаил Глухенький 74 жастағы зейнеткерді соғып кеткен. Ол автотұрақта күзетші болып жұмыс істеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тергеу шаралары анықтағандай, күзетші ауыр дене жарақаттарының салдарынан оқиға орнында мерт болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс материалдарының деректері бойынша күдіктінің кінәсі дәлелденді», — деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Осылайша, Глухенький ҚР ҚК 345-бабы («Жол қозғалысы ережесін бұзу») бойынша айыпты деп танылды. Сот үкімімен оған 3 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұған қоса ол жәбірленуші тарапқа 1 млн 321 мың теңге материалдық, 2 млн теңге моральдық шығын өтейді. Сондай-ақ, Глухенький 3 жыл көлік басқару құқығынан шеттетілді.