Күзетшілер Ақтөбеде өртенген автобуста аруақтар кезіп жүргенін айтады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күзетшілер Ақтөбеде өртенген автобуста аруақтар кезіп жүргенін айтады

Күзетшілер Ақтөбеде өртенген автобуста аруақтар кезіп жүргенін айтады

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында 52 адаммен бірге жанып кеткен автобустың қаңқасы қалаға әкелінді. Көліктің сау тамтығы қалмаған. Күзетшілер түнімен бұл жерде адамның үніне ұқсас түрлі дыбыстар шығады дейді. Ал бүгін Мәжіліс депуттары осы қайғылы жағдайға қатысты кінәлілердің барлығын табуды талап етті. Айтуларынша, бұл жерде тек автобус  жүргізушілерін ғана  жазалаумен істі жылы жаппау керек деп мәлімдейді 31 арна.

  • 1 Ақпан 2018
  • 315
Фото - Caravan.kz

Ішінде 52 адам тірідей жанып кеткен автобустың қаңқасы осыдан 4-5 күн бұрын қалаға жеткізіліпті.  Көріп отырсаңыздар қызыл жалыннан автобустың түгі қалмаған. Әлі де күйіктің иісі бар. Осы жерде жұмыс жасайтын күзетшілер 52 адамның өмірін жалмаған автобуста елес бар дейді. Айтуларынша түнге қарай бұл жақтан неше түрлі адамдардың дауысы шығатын көрінеді.

Күзетші:

Бұл елімізде ең көп талқыға салынған автобус. Нақтысы, көліктің қаңқасы, қалдығы. Шымкенттен Қазанға жолға шығып, Ақтөбе маңында жолаушыларымен бірге түгі қалмай жанып кеткен екі қабатты автобус. 52 адамның күлін көкке ұшырған автобустың іші түгілі, сыртынан қарауға қорқынышты. Қасына жақындағанда жаның түршігеді. Терезе, орындықтар, тіпті дөңгелекке дейін дымы қалмаған. Тек құр темір қабырғалары ғана тұр.

Тек Қазақстан емес, Өзбекстанға да орны толмас қайғы әкелген қанды автобусты айдалада қалған жерінен «Қазавтожол» қызметінің үлкен жүк көлігіне салып тиеп әкеліпті. Қазір қала маңындағы жылыту пункттерінің бірінде тұр. Алайда автобус бұл жерде қай уақытқа дейін тұратыны белгісіз. Қылмыстық іс әлі тексеріліп жатқан көрінеді.

Ал бүгін Астанада депутаттар тас жолда болған жантүршігерлік жағдайды, яғни республикалық комиссияның 52 адамның өмірін қиған өртті жазатайым оқиға деп бағалауына сенімсіздік танытып отыр. Айтуларынша, еліміздегі кейбір көлеңкелі құрылымдар халықаралық тасымалмен айналысатын көлік құралдарының техникалық жағдайын тексерместен рұқсат құжаттарын беруі әбден мүмкін деп отыр.  

«Жолдардағы осындай қайғылы жағдайлардың басты себептері «адами фактор» деп қарастырылуда. Сондықтан бұл жерде жедел тергеу жүргізіп, қандай да бір шара қолдануды талап ету керек. Және бұл оқиғаға қатысты тек жүргізушілерді ғана жазалап қоймай, кінәлілердің барлығын анықтап, олардың заңнамаға сәйкес жауапкершілік деңгейін анықтау қажет”, – ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Тұрсын Сыздықов.


18.01.2018 жыл. Осыдан тура  он үш күн бұрын Өзбекстаннан Ресейге бет алған Сетра автобусы жанып кеткен болатын. Қанды автобустың ішінде болған 57 жолаушының 52- сі бірдей көз жұмды. Автобустың үш жүргізушісі мен екі өзбек азаматы аман қалған еді. Қазір қылмысқа қатысы бар деген жүргізушінің үшеуі де сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Ал екі өзбек азаматы өткен аптада елдеріне қайтарылған.