Трамп Елбасының АҚШ-қа сапарына жоғары баға берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Трамп Елбасының АҚШ-қа сапарына жоғары баға берді

Трамп Елбасының АҚШ-қа сапарына жоғары баға берді

Америкалық көшбасшы Дональд Трамп БҰҰ ҚК делегациясымен Вашингтонда түскі ас ішу кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапарының табысты болғанын айтты

  • 1 Ақпан 2018
  • 267
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«БҰҰ ҚК отырысы кезінде Қазақстанның тұрақты өкілі ретінде Қайрат Омаров келушілердің назарын Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың кездесулерінің сәтті өткеніне аударды. Елбасы аталған елге қаңтар айында ресми сапармен барған болатын. Мұнымен қатар, Қайрат Омаров кезекті отырыста осы кездесу барысында жасалған келісімдерге қатысты қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандарын айтып өтті. Ал Ақ үй басшысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сапарының сәтті болғанын айтып, сәлемдеме жолдады», — деп хабарлайды ҚР СІМ бейсенбі күні.

Сыртқы саяси ведомство хабарлауынша, БҰҰ ҚК делегациясының Вашингтонға Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңестегі төрағалығы аяқталатын күндері барған.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Президентінің биылғы 16-18 қаңтарда Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен баратыны туралы хабарлаған болатынбыз. Онда Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланды. Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа барған сәтінен видео жариялады. Елбасын Дональд Трамптың өзі қарсы алып, мұны 
үлкен мәртебеге балады
.

Ақ үйде өткен кездесуде Назарбаев Қазақстан мен АҚШ арасында әрдайым екіжақты саяси қарым-қатынас орнағанын айтып өтті. Бұдан кейін Мемлекет басшысы АҚШ-тың іскер топтар өкілдері, АҚШ-тың энергетика министрі және «Шетелдік жеке инвестициялар жөніндегі Корпорация» мемлекеттік агенттігінің президентімен кездесті. Сапар соңында Назарбаев Трамппен жүргізген келіссөздің қорытындысы бойынша БАҚ үшін брифинг өткізді.