ҰҚҚ-ны 23 жылға жуық уақыт басқарған 73 жастағы Рустам Иноятовтың орнынан алынғаны 31 қаңтарда мәлім болған. Оның орнына осыған дейін бас прокурор қызметін атқарған Ихтиер Абдуллаев тағайындалған.
Өзбекстан үкіметіндегі бірнеше дереккөзі мен үкіметке жақын адамдар бұған дейін Азаттықтың Өзбек редакциясына Иноятов 25 қаңтар күні отставкаға кету туралы президентке өтініш білдіргенін хабарлаған еді.
Рустам Иноятов экс-президент Ислам Каримов 2016 жылы қайтыс болғаннан бері қызметінен ауыстырылмаған жоғары шенді аз ғана шенеуніктің бірі болған еді. Иноятов басқарған 23 жылға жуық уақытта Ұлттық қауіпсіздік қызметі Өзбекстандағы ең жабық және құзыреті жоғары құрылым болды.