Қазақстандық каратеші Дархан Асаділов халықаралық «Premier League Paris» турнирінде топ жарды. Әлемнің ең үздік 50 құрамасының өкілдері қатысқан додада отандасымыз 60 кг-ға дейінгі салмақта үздік шықты
Финалда Дархан бразилиялық Дуглас Брозені жеңді. Жарыстың қола жүлдесін өзбекстандықСадриддин Сайматов пен француз Йоанн Лопеш иеленді.
Әйелдер арасында отандасымыз Сәбина Захарова (55 келі) бесінші орын алды.