Ақмола облысында ер адамды пойыз қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында ер адамды пойыз қағып кетті

Ақмола облысында ер адамды пойыз қағып кетті

Оқыс оқиға Көкшетау бекетінде болған.

  • 6 Ақпан 2018
  • 149
Фото - Caravan.kz

Ақмола облысында ер адам пойыздың астынан түсіп көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақтық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 2018 жылдың 4 ақпанында түнгі уақыт 02:50 шамасында Көкшетау бекетінде болған.

«1984 жылы туған ер адам темір жолды рұқсат етілмеген жерінен кесіп өтпек болған. Осы кезде, № 1615 жүк пойызы қағып кетеді. Ер адам оқиға орнында көз жұмды», — деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер. Қазіргі кезде, оқиғаның мəн-жайы анықталып жатыр.