АҚШ Қырғызстан оқушыларының тамағына арнап 20 млн доллар бөледі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Қырғызстан оқушыларының тамағына арнап 20 млн доллар бөледі

АҚШ Қырғызстан оқушыларының тамағына арнап 20 млн доллар бөледі

АҚШ билігі Қырғызстандағы оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін 20 млн доллар бөледі.

  • 7 Ақпан 2018
  • 162
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Бішкектегі АҚШ елшілігінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі centrasia.ru сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстандағы билік өкілі Алмазбек Бейшеналиев аталған қаражаттың Макговерн-Доул бағдарламасы аясында бөлінетінін айтты. Бұл бағдарлама 2012 жылдан бері АҚШ Ауыл шаруашылығы Департаментінің қолдауымен жүзеге асып келеді. Осы бағдарламаның арқасында 500 мектеп оқушылары ыстық тамақпен қамтылды. Қаржыландыру 2018-2021 жылдары аралығында да жалғасатындықтан, алдағы уақытта тағы 430 білім алу мекемесі жобаға енгізілді.

Бөлінген соманың 15 миллион доллары асханаларды техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге, аспаздарды оқытуға және алдағы төрт жылға арнап азық-түлік сатып алуға жұмсалмақ. Әңгіме бастауыш сыныптың 86 мың оқушысы мен 5 мың балабақша тәрбиеленушілеріне арналған 2,6 мың тонна азық-түлік жайында болып жатыр.


Бағдарлама ақшасы дәлірек әр балаға күнделікті нормасы 50 грамм ұн, 10 грамм күріш, 5 грамм бұршақ және 5 грамм май болатын тамаққа жұмсалады. Ал білім беру мекемелері бұл рационды көкөніс, ет және сүтпен толықтырады.