Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, бұрқасын болады.

  • 9 Ақпан 2018
  • 229
Фото - Caravan.kz

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, тек батыста, оңтүстік-шығыста күн ашық, деп хабарлайды Қазгидромет-ке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді – 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады және жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.


Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде жел күшейеді – 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарында тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар