Галышева, Рейхерд және Колмаков Олимпиаданың финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Галышева, Рейхерд және Колмаков Олимпиаданың финалына шықты

Галышева, Рейхерд және Колмаков Олимпиаданың финалына шықты

Қазақстандық үш могулшы Пхенчханда өтіп жатқан 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының финалына шықты

  • 9 Ақпан 2018
  • 284
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық фристайлшылар Олимпиада ойындарындағы могул сайысының іріктеу кезеңінде бақ сынады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Республикасы  ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Юлия Галышева бірінші мүмкіндігінен-ақ 76.36 ұпай жинап (7-орын), финалға жолдама алды. Өкінішке қарай, ақтық сынға Аяулым Амренова өте алмады — 52.78 ұпай (26-орын).

Ерлер арасындағы сайыста Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков та келесі кезеңгі өтті. Дмитрий 81.23 ұпай (3-орын) жинаса, Павелдің көрсеткіші – 79.98 ұпай (7-орын).


Айта кетейік, қазақстандық спортшылар тоғыз спорт түрінен 57 олимпиадалық лицензия алды.