Орынбор облысының 32 жастағы тұрғыны Темірлан Ақназаров Ан-148 ұшағының жолаушыларының қатарында бар. "Вконтакте" желісіндегі парақшасына адамдар көңіл айтып, жазба қалдырған, деп хабарлайды Today.kz.
БАҚ-та ұшақтың ішінде болған жолаушылардың тізімі жарияланды, ішінде ұлты қазақ Темірлан Ақназаров та бар.
Айта кетейік, Мәскеу–Орск бағытында Домодедово әуежайынан ұшқан ұшақ бірнеше минуттан кейін құлады. Оның сынықтары Мәскеу облысының Раменский ауданынан табылды.