Павлодарда тергеу оқшаулағышында отырған адамға қойдың құйрығына жасырып ұялы телефон жеткізбек болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ІІМ ҚАЖ Комитетіне сілтеме жасап.
«Қамаудағы адамдардың біріне жіберілген сәлемдемені тексеру барысында пісірілген қойдың құйрық майының арасынан қуаттандырғышымен бірге ұялы телефон шықты», — деп хабарлайды ведомство.
Павлодардағы тергеу оқшаулағышының қызметкерлері келесі күні қораптағы шәйдің ішінен целофан орама тауып алды. Сот-медициналық сараптама табылған заттың салмағы 40 грамнан асатын марихуана екендігін нақтылады.
Алматы облысындағы Заречный кентінде орналасқан колонияның аумағына белгісіз адам түйіншек зат лақтырып кеткен. Бұл скотчпен оралған 4 ұялы телефон болып шықты.