Қайғысына ортақтасып тағы бір әріптесі басу айтып мынадай өлең жолын арнаған. Бұл жұбату жыры ойымда пісіп жүргеніне біраз уақыт болса да бүгін жазып, салып отырмын, деп жазады журналист Бауыржан Халиолла фейзбуктағы жеке парақшасында.
Бұл туралы Caravan.kz хабарлайды.
Құдай маған ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, ой десе ойы бар, бой десе бойы бар, талапты да талантты бала берді. Сол үшін бақыттымын. Абзалдай балаға ана болғаным үшін Аллаға мың алғыс. Менің балам болғаның үшін саған рахмет, құлыным. Бара ғой. Алла алдыңнан жарылқасын!..
(Сәуле Әбілдаханқызының әлеуметтік желідегі жазбасынан…)
Сабыр, сабыр…Сәулежан!!!
Қайсар әйел, қайсар жан, қайсар ана,
Жасың ақты-ау тау мен тас, сай-салаға.
Бізді қашан мінгізіп табыт-көлік,
Сағат-жүрек тоқтайды қай шамада?
Дүниеге өзгерсін көзқарасың,
Ешкім сендей егіліп, боздамасын.
Пайғамбар да баласын жөнелтерде,
Өзі жуып, пәктеген өз баласын.
Сабыр, сабыр…еңсеңді көтер жайлап,
Адам-қамсыз жолаушы, өтер бейбақ.
Сенің Сөзің қалады мұрагер боп,
Әлі өмірің гүлденер, кетер жайнап.
Сезем, жаның таппайды сірә тыным,
Қадіріңді, бағаңды біл ақырын.
Сен жылама, жыласаң не болғаны,
Елді қайта керек қой жұбатуың,
Жылама!!!