Қытай Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдерін көбірек сатып ала бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдерін көбірек сатып ала бастады

Қытай Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдерін көбірек сатып ала бастады

Биыл агро-өнеркәсіптік кешен өнімдерін Қытайға экспорттау 30 пайызға арты.

  • 15 Ақпан 2018
  • 207
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ауыл шаруашылық министрінің орынбасары Рүстем Құрманов айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Құрмановтың айтуынша, 2017 жылдың 11 айы ішінде ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттау мен өңдеу 10 пайызға өсті.

«Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау ауқымы кеңейіп келеді. Қазір Қытай нарығына балық шаруашылығы, қой шаруашылығы, ара шаруашылығы, бидай және соя үшін жол ашық. Нәтижесінде ауыл шаруашылық өнімдерінің қытайға экспортталуы 30 пайызға өсті», — деді ол.

Құрмановтың мәліметі бойынша, алғаш рет соя бұршағының 5,6 тоннасы экспортталды. Ал соя майының экспорты 14 есе ұлғайды. Мұздатылған балық, өсімдік майы мен майлы дақылдардың экспортталуы орташа есеппен екі есеге өскен.


Сондай-ақ, Біріккен Араб Әмірліктеріне ірі қара және ұсақ малды жеткізу бойынша шектеулер алынып тасталған, Иранға рапс тұқымын экспорттау 5,6 есеге, арпа экспорттау 1,4 есе, сояны эксперттеу 1,9 есеге өскен.

Құрмановтың айтуынша, отандық өнімдегі негізгі азық-түліктермен қамтамасыз ету 80 пайызды құрайды.