Ақтөбе облысында пәтерден шыққан өрттен екі бала қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында пәтерден шыққан өрттен екі бала қаза болды

Ақтөбе облысында пәтерден шыққан өрттен екі бала қаза болды

Өрт жиырма минутта сөндірілгенімен, оқиға қайғылы жағдаймен аяқталады. 

  • 15 Ақпан 2018
  • 220
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында көпқабатты үйден өрт шығып, екі баланың мүрдесі табылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Көпқабатты үйлердің бірінде өрт шығып, тұрғындары жедел хабар берді. Өрт сөндірушілерден жеті адам және 2 техника жұмылдырылды. Пәтердің 10 шаршы метрі жанып кеткен. Бар болғаны 20 минутта өрт сөндірілді. Бірақ оқиға қайғылы аяқталды.

«Өрттен соң оқиға орнынан 4 және 9 жастағы екі бала табылды. Полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем де болды. Өрт оқиғасы барысында 20 адам қауіпсіз аймаққа көшіріліп, 10 адам құтқарылды», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Айта кетейік, апалы-сіңлілі екі азаматшаның балалары қаза болған. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.