Мектеп кітабына МС Сайлаубек туралы сұрақ дайындаған автор өзін сынаған халыққа ренжіді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектеп кітабына МС Сайлаубек туралы сұрақ дайындаған автор өзін сынаған халыққа ренжіді

Мектеп кітабына МС Сайлаубек туралы сұрақ дайындаған автор өзін сынаған халыққа ренжіді

Күні кеше Назарбаев зияткерлік мектебіне түсуге қажетті тест кітабына енген МС Сайлаубек туралы сұрақ көпшіліктің наразылығын тудырған болатын. Алкогольді ішімдікке тойып алып, түсініксіз тілде ән айтатын атыраулық жігітті авторлар қазақ тілі пәнінің тест сұрақтарына қосып жіберген. Facebook қолданушыларының бірі мұны желіге жариялап, "зияткерлік" деген статусқа сәйкес емес деп жатты.

  • 20 Ақпан 2018
  • 241
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sn.kz хабарлайды. 

Оқулықты Серікболсын Дүйсембай мен Қазбек Сағидолда жазған. Кітап 2018 жылы жарық көрген.

Әлеуметтік желілерде аталған жазба мен видеоролик жарияланысымен Серікболсын Дүйсенбай өзінің Facebook-парақшасы арқылы көпшіліктен кешірім сұрап, кітапшадан аталған сұрақты алып тастағанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол өзін сынаған қазақстандықтарға ренжулі кейіп те танытып отыр.

«Талай 100 мың данамен шығып жүрген, ішінде қаншама қателіктер өріп жүрген оқулықтарды да көзіміз көріп жүр. Ал біздің ресми емес, тек емтиханға дайындыққа арналған Қазақ тілінен бар-жоғы 100 дана тесттер жинағының ішіндегі 5-6 жолымыз қаншама балағат, ғайбат сөздерге алып келді. Бірақ, бұл жолдар келесі басылымда ауыстырылып, түзетіліп үлгерген еді. Және бұл тест жинағы ешқандай ресми бекітілмеген, мектеп бағдарламасына енбеген», — деп жазды ол тест кітапшасының авторы.

Сауд Арабиясында оқып жүрген жас жігіт мұндай сыннан кейін туған жерге оралғысы да келмей қалғанын жасырмай айтты.


«Мен бұны ақталу үшін де, мақтану үшін де жазып отырған жоқпын. Тек біздің қоғамның кейбір “белсенділері” мәселенің мән-жайына барып алмай, тек алып-қашпа әңгімеге еріп, жерден жеті қоян тапқандай жарыса бөлісе кететінінен Әлем көшіне ілесудің ауылы алыс па деп қалдым. Титтей “қателігі” үшін Өз ұлын өзегінен тепкендей көрінген елге енді оралғың да келмей қалады екен. Елден кешірім сұрадым», — деді Серікболсын Дүйсембай.