Бұл туралы Caravan.kz «The эфир» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Әншілердің 60 пайызы той әншісі болып кетті. Бәрі де ақша үшін. Сол тапқан ақшамызды өзімізбен алып кетпейміз. Атақ үшін пәлен машинам бар, пәлен дүнием бар деп мақтаныш үшін бе? Не керегі бар оның? Мәселен, менен қандай қосымша табысың бар дүкенің, салоның, мейрамханаң жоқ па деп те сұрайды. Бірақ, мен оны өзім қаламаймын. Ақшаны күнделікті өмірімізде жаратсақ, қыдырып, демалыстарымыз үшін тапсақ болды емес па? Дайын ақшамен балаларымызды дайынға ғана үйретіп, солай ерке етіп, бәрін дайындап қана тәрбиелейміз. Болашақта балаларымызға қандай ән тыңдадың дегенде не айтамыз? Осы тойда айтқан әндерімізді тыңдатамыз ба? Мен де той әншісі бола алмын, қолымнан келеді. Шет елдерден өнер саласынан білім алғым келеді. Вокал болсын, би жағынан болсын өнерімді дамытсам", дейді әнші.