Альварестің бапкері Головкинді жеңу жолын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Альварестің бапкері Головкинді жеңу жолын айтты

Альварестің бапкері Головкинді жеңу жолын айтты

Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің бапкері Хосе Рейносо қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді жеңудің жолын айтты

  • 22 Ақпан 2018
  • 976
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz vRINGe.com-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

"Головкин дәл солай өнер көрсетеді, ол өзгерістер енгізбейді. Соған қарамастан біз барлық жағдайды ескеріп, дайындаламыз. Головкинді жеңудің жолы — "Канелоның" физикалық тұрғыдан басымдылыққа ие болуы, ол дайын болады. 

Қыркүйекте төрешілердің шығарған шешімі ешкімге де ұнаған жоқ — көрермен де, боксшылардың командаларына да. Осы жағдай ыңғайсыздық туғызды. Әрбір фанат өзі жанкүйерлік ететін боксшысының жеңетінін алға тартады. Сол себепті де көп созбай екінші жекпе-жек өткізу ұйымдастырғалы жатыр. Барлығы да бақытты", — деді Рейносо ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында. 

Рематч 5 мамырға белгіленген, алайда қай жерде болатыны белгісіз. Жекпе-жек Лас-Вегас немесе Нью-Йорк қаласында өтуі мүмкін.


Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес бірінші рет 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста кездескен еді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.